457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық ескекшілер U19 әлем чемпионатында B финалында өнер көрсетті

Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасының намысын рульсіз қос жұптық қайық санатында Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев қорғады.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық ескекшілер өз тобында үшінші нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Екінші жартылай финалда Первушкин мен Ануприев мәреге алтыншы болып жетті.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық жұп B финалында өнер көрсетті. Финалдық жарыста да отандастарымыз алтыншы орынға тұрақтады.

Әлем чемпионатының жеңімпазы Румыния құрамасының жұбы атанды. Грекия күміс медальға ие болса, Германия спортшылары қола жүлдені еншіледі.

 

Фото: ҰОК