Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
Жапонияның Киото қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден марафон бойынша Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде төрт алтын медаль жеңіп алып, жарысты жоғары нәтижемен қорытындылады.
Чемпионаттың соңғы жарыс күнінде Кирилл Тубаев байдаркамен 10 шақырымдық марафонда мәреге бірінші болып жетіп, екінші алтын медалін жеңіп алды.
Полат Төребеков те 10 шақырымдық каноэ жарысында қарсыластарынан озып, Азия чемпионы атанды. Осылайша ол да турнирді екі алтын медальмен аяқтады.
Бұған дейін чемпионаттың алғашқы күні Кирилл Тубаев байдаркамен 3400 метр қашықтықта жеңіске жетсе, Полат Төребеков 3400 метрлік каноэ жарысында топ жарған болатын.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған