Қазақстандық ескек есушілер Азия чемпионатында топ жарды
Жапонияның Киото қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден марафон бойынша VI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасында байдаркамен 3400 метрге жарыста Кирилл Тубаев 14 минут 54,166 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Чжу Хён иеленсе, вьетнамдық Чан Ван Зань үздік үштікті түйіндеді.
Каноэ бәсекесінде Полат Төребеков те қарсыластарынан озып, Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қашықтықты 17 минут 13,493 секундта аяқтады. Жапониялық Кокадзи Такаюки күміс жүлдеге ие болса, оның отандасы Такэнака Иссэй қола медаль жеңіп алды.
Енді 7 тамызда Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков 10 000 метр қашықтықтағы марафон жарысында бақ сынайды.
Биылғы Азия чемпионатына 10 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков қорғайды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған