Қазақстандық ескек есуші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады malimsports.kz.
Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған