457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық ескек есуші әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлттық құрама мүшесі Артём Матусевич қола медаль жеңіп алды.

Жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынаған қазақстандық спортшы финалда үшінші болып мәреге жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей орналасты:

Жоао Велосо (Португалия)

Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)

Артём Матусевич (Қазақстан)

Бұл – Қазақстан үшін академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы медаль. Бұған дейін қазақстандық ескек есу шеберлері аталған жас санатында әлем біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізбеген.

Айта кетейік, Артём Матусевич жарыс барысында тұрақты жоғары нәтиже көрсетті. Ол іріктеу кезеңі мен жартылай финалда екінші орын алып, финалға сенімді жолдама алған болатын.

Қазақстандық спортшы бұған дейін де халықаралық аренада жақсы нәтиже көрсеткен. Өткен жылы Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында үздік ондыққа еніп, тоғызыншы орынға тұрақтаған еді.

Биылғы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы қатысты. Дуйсбургтегі дүбірлі додада 49 елден 600-ден астам ескек есу шебері бақ сынады.

 

Фото: Ескек есу федерациясы