Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан дзюдо құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есебі 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жас татами шеберлері 4 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлде иеленді. Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, жарыс екі күнге созылды.
Алтын медаль иегерлері:
Әділжан Нұрбекен (–50 кг)
Бекәли Еркен (–66 кг)
Фатима Сұпығалиева (–52 кг)
Айша Алтай (–70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
Аслан Ерғалиев (–55 кг)
Алуа Балтабай (–48 кг)
Сейфіл Дәулеткерей (–73 кг)
Шыңғысхан Тәңірберген (–90 кг)
Әділжан Жаудинов (+90 кг)
Қола жүлдегерлер:
Адия Жанахмет (–40 кг)
Інжу Сахабадин (–44 кг)
Інжу Жұмажан (–57 кг)
Азима Серік (–63 кг)
Тоғжан Төлебай (+70 кг)
Байрақты додада 31 елден 182 спортшы бақ сынады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы