Қазақстандық дзюдошылар Чехиядағы European Cup турнирінде бақ сынайды
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Чехияның Прага қаласында өтетін дзюдодан European Cup турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Жарыс 27–28 маусым күндері өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы алдын ала тізім бойынша 22 дзюдошымен қатысады. Спортшылар ерлер және әйелдер санаттарында бірнеше салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Ерлер құрамы
60 кг дейін: Шерзод Давлатов, Нұраділ Әлжан, Сұңғат Нұрлатұлы
66 кг дейін: Бауыржан Нарбаев, Ақжігіт Насыр
73 кг дейін: Дастан Шаяхметов, Әнуар Жұмагелдин
81 кг дейін: Азат Күмісбай, Досжан Жолжақсынов
90 кг дейін: Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
100 кг дейін: Мұхаммедәлі Мавлидов
100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Жәнтілек Нұртілепұлы
Әйелдер құрамы
48 кг дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай
52 кг дейін: Іңкәр Төлепбергенова
57 кг дейін: Ханзада Қайратова, Шынар Абатова
78 кг жоғары: Карина Такиева, Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, бұл турнир Еуропа кубогы сериясына кіреді және жас дзюдошылар үшін халықаралық тәжірибе жинауға маңызды жарыс.
Фото: ҰОК
ӘЧ-2026: Ирак шабуылшысы АҚШ әуежайында жеті сағат бойы тексерістен өтті
Ең көп оқылған