Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC-тегі жаңа жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дияр Нұрғожай UFC-тегі үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Nur.kz-тің жазуынша, 28 жастағы қазақстандық файтер UFC 326 нөмірлі турнирінде өнер көрсетеді. Турнир 7 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» кешенінде өтеді.
Дияр Нұрғожайдың қарсыласы - 22 жастағы бразилиялық Рафаэль Тобиас. Ол UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Тобиас ұйым президенті Дана Уайттың үміткерлер сериясы (Dana White’s Contender Series) арқылы UFC-ге жолдама алған. Қазіргі таңда бразилиялық спортшы алты жеңістен тұратын сериямен келе жатыр.
Бұл кездесу Нұрғожай үшін UFC-дегі үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол екі кездесуінде жеңіліс тапқан: бразилиялық Брэндон Рибейроға және қырғызстандық Уран Сатыбалдиевке есе жіберді.
Айта кетейік, UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы «BMF» (ең қатал файтер) белбеуі үшін өтеді. Бұл атақ жолында америкалық Макс Холлоуэй мен бразилиялық Чарльз Оливейра өзара күш сынасады.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған