Қазақстандық биатлоншылар спринтте қалай өнер көрсетті?
Қазіргі таңда Арберде (Германия) биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік біріншілігі аясында бозбалалар мен жасөспірімдер арасында спринт жарысы ұйымдастырылды.
Бозбалалар арасында Кирилл Зотов 23-орын алды. Егор Немцев 49-орынға тұрақтаса, Евгений Полторанин 59-орыннан көрінді. Ал Никита Дудченко 75-орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында Захар Шкарин 39-орында мәреге жетті. Антон Редькин 59-орын алды. Ал Эрик Шефер 78-орынға жайғасса, Богдан Авизов 84-орынға тұрақтады.
Бүгін, 4 наурызда осы дисциплинада қыздар жарыс жолына шығады.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған