457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада алдындағы соңғы жарыста көрсетті

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында жекелей сайыс өтті.

Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында жекелей сайыс өтті. Бұл бәсекеде Владислав Киреев 37-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов 70-орынға жайғасты. Ал Александр Мухин 75-орында мәреге жетті.

Сонымен қатар ұлттық құрама әйелдер арасындағы жекелей сайыста, аралас және командалық эстафетада бақ сынады. 

Милана Генева 70-ші орында мәреге жетсе, Дарья Климина 84-ші, Айша Ракишева 85-ші орынды иеленді.

Ал аралас эстафетада ұлттық құрама 17-ші орынға тұрақтады. Құрама сапында Вадим Куралес және Милана Генева сынға түсті.

Командалық эстафетада отандастарымыз 16-ші орынға ие болды. Команда сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Ракишева, Дарья Климина бақ сынады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдында соңғы халықаралық жарыс болды.

Фото: ҰОК