Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншылар Германиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысты

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Қазақстандық биатлоншылар Германиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысты

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Германияның Рупольдинг қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі эстафета жарысына қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл сайыста ел намысын Владислав Киреев, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Вадим Куралес қорғады.

Қазақстандық биатлоншылар әрқайсысы 7,5 шақырымнан тұратын төрт кезеңді сегіз қосымша оқпен еңсерді. Нәтижесінде ұлттық құрама 18-орынға тұрақтады.

Жарыста Франция құрамасы жеңіске жетті. Норвегия екінші нәтиже көрсетті. Ал Германия үздік үштікті түйіндеді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар