Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

Сабина Асқарқызы 102 қаралым
Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

Осло қаласында биатлоннан Әлем кубогының маусымдағы соңғы кезеңі өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ел намысын алты биатлоншы қорғайды: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева.

Ослодағы кезең 19-22 наурыз аралығында өтеді. Алғашқы жарыс – әйелдер спринті. Ол Астана уақытымен 20:15-те басталады.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар