457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық бес гимнаст Бакудағы әлем кубогының финалына шықты

Ұлттық құраманың екі спортшысы өз жаттығуында ТОП 8-ге кіріп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, кешегі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың екі спортшысы өз жаттығуында ТОП 8-ге кіріп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Еркін жаттығуда Милад Карими 14.433 ұпай жинап, іріктеуді 1-орында аяқтады. Дмитрий Патанин қос сырық бағдарламасында 8-сатыға тұрақтады (13.266 балл).
Бүгін тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов іріктеуде 1-орын (14.300 балл), ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 3-орынмен (14.166 балл) финалға өтті.
Сондай-ақ керме жаттығуында Милад Карими 3-ші (14.433 ұпай), тағы бір тәжірибелі отандасымыз Диас Тойшыбек (13.700 ұпай) 4-ші көрсеткішпен шешуші сынға шықты.
Әйелдер арасында Эвелина Ежова мен Радмила Тарасова қатысты. Алайда олар финалға шыға алмады.
Финал сенбі-жексенбіде өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы