Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия Кубогына жолдама алды 

Сабина Асқарқызы 125 қаралым
Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия Кубогына жолдама алды 

Астана қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия Кубогының іріктеу турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Орталық Азия аймағы бойынша өткен додаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен ойсырата жеңді. Ал шешуші кездесуде Өзбекстаннан 89:41 есебімен басым түсті.

Осылайша, қазақстандық баскетболшы қыздар турнирде бірінші орын алып, қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия Кубогына жолдама жеңіп алды.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар