Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық бадминтоншылар Түркияда қола жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы 53 қаралым
Қазақстандық бадминтоншылар Түркияда қола жүлде иеленді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 халықаралық турнирінде жүлдеге қол жеткізді, деп жазады malimsports.kz. 

ҰОК мәліметінше, әйелдер арасындағы жұптық сайыста (U19) Алиса Кулешова мен Диана Наменова қола медаль жеңіп алды.

Ширек финалда қазақстандық жұп Түркия өкілдері Гүлсү Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноглудан басым түсті. Ал жартылай финалда Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар