Қазақстандық спортшы Александр Абхазава халықаралық деңгейдегі беделді автожарыста чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол Абу-Дәби қаласында өткен Formula Regional Middle East Trophy турнирінде сәтті өнер көрсетіп, алғашқы раундтың жеңімпазы болды.
Автошабандоз жарысқа MP Motorsport командасының құрамында қатысқанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар Александр Абхазава бұған дейін де жоғары нәтижелерімен көзге түскен. Ол өткен жылы Lamborghini Super Trofeo сериясының әлемдік финалында тарихи жеңіске жеткен Artline Kazakhstan автоспорт командасының сапында өнер көрсеткен еді.
Фото: officialmpmotorsport