457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік шыңды бағындырды

Отандық альпинист екі жыл ішінде Эверестті (8818 м), Аконкагуаны (6962 м), Деналиді (6194 м), Килиманджароны (5895 м), Эльбрусты (5642 м), Винсон массивін (4897 м) және Карстенз пирамидасына (4884 м) шықты.

Қазақстандық танымал альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында әлемнің барлық құрлығындағы жеті ең биік шыңның барлығын бағындырып, «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын аяқтаған алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, Анар Бурашева бұл Антарктидадағы Винсон тауына шыққаннан кейін мүмкін болған.

Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын - олар тым көп, - дейді Анар.

Батыл альпинист екі жыл ішінде Эверестті (8818 м), Аконкагуаны (6962 м), Деналиді (6194 м), Килиманджароны (5895 м), Эльбрусты (5642 м), Винсон массивін (4897 м) және Карстенз пирамидасын (4884 м) бағындырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Kazinform тілшісіне берген сұхбатында Анар Бурашева әлемдегі ең биік тау Эверестке шыққаннан кейінгі жоспары мен әсері туралы айтқан еді.

Фото: instagram.com/anar_burasheva