Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстандық акробаттар Швейцариядағы жазғы Гран-при кезеңінде бақ сынады

Сабина Асқарқызы 34 қаралым
Қазақстандық акробаттар Швейцариядағы жазғы Гран-при кезеңінде бақ сынады

Швейцарияның Метменштеттен қаласында фристайл-акробатикадан жазғы Гран-при кезеңі аяқталып, жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандықтардың ішінен ең жоғары нәтижені Дінмұхаммед Райымқұлов көрсетті. Ол жарысты 11-орынмен аяқтады.

Ұланбәкір Өмірзақов 13-орын, Асылхан Асан 16-орын, Роман Иванов 18-орын, Шерзод Хаширбаев 19-орын, ал Владимир Ким 26-орын иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан атынан Аделина Өмірзақова өнер көрсетіп, қорытынды есепте 20-орынға тұрақтады.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар