457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

Қаражат спорт резервін дайындау, оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарға қатысу, спорт инфрақұрылымын дамыту сияқты мақсаттарға бағытталады.

Бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарына енген 65 спорт түрі, сонымен қатар 11 ұлттық спорт түрі енгізілді, деп хабарлайды malimsports.kz 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған спорт түрлерін дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы басым тәртіппен бөлінеді.

Тізімге енген 46 спорт түрі басымдыққа ие болып отыр. Қаражат спорт резервін дайындау, оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарға қатысу, спорт инфрақұрылымын дамыту сияқты мақсаттарға бағытталады. Іріктеу ұлттық құрамалар көрсеткен халықаралық нәтижелерге негізделіп жүргізілген.

Ал тізімге енбеген спорт түрлері бұқаралық сипатта дамытылмақ. Бұл спорт түрлеріне тек ел чемпионаттары мен ішкі жарыстарға қатысу шығындары қаржыландырылып, халықаралық жарыстарға тек демеушілік немесе баламалы көздерден қолдау көрсетіледі.

Министрлік әзірлеген жаңа заң жобасында бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, кәсіби клубтарға бөлінетін қаражатқа лимит енгізу, шетелдік спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу, өңірлік басым спорт түрлерінің тізімін бекіту және федерацияларға қатысты талаптарды күшейту көзделген.

Бұл шаралар спорт саласын жүйелі реформалауға бағытталған. Ұлттық спорт түрлеріне олимпиадалық спортпен тең мәртебе беріледі, басқару жүйесі орталықтандырылады, ал бюджет қаражаты тиімді әрі нақты нәтижеге бағытталып жұмсалатын болады.

Фото: