457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан жүзушілері Ислам ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Отандастарымыз 4x200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынды иеленді.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден кезекті медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер құрамасы жарыстың күміс жүлдегері атанды. Отандастарымыз 4x200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынды иеленді. Бұл сында ел намысын Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғады. Бірінші орынды Түркия, ал үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.

Бұған дейін Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин топ жарды - 23.85. Қазақстандық Максим Сказобцов екінші орынға көтерілді - 23.87. Қола жүлдені Абдельрахман Эльсайед (Мысыр) жеңіп алды - 23.90.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі