Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 188 қаралым
Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүзу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды. Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.

Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс), София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).

Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4х100 метр еркін стиль эстафетасы).

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар