Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдері V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғайды

Сабина Асқарқызы 184 қаралым
Қазақстан жасөспірімдері V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғайды

10-13 желтоқсан күндері Дубайда (БАӘ) тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған жасөспірімдер арасында V Азия Пара ойындары өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, биылғы байрақты додаға әлемнің 45 елінен 12–23 жас аралығындағы 1300-ден астам спортшы қатысады. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрінен бақ сынайды. Атап айтқанда: пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара садақ ату, бочча, қол күресі және голбол.

Жасөспірімдер арасындағы Азия Пара ойындары – жас спортшылардың халықаралық аренада тәжірибе жинауына, ұлттық құраманың жаңа буынын даярлауға және елімізде пара спорттың жүйелі дамуына серпін беретін маңызды спорттық алаң.

 

 

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар