Түркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан Judo European Cup Antalya турнирінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандық спортшылар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Алтын медаль иегерлері: Бекарыс Құдайберген (50 кг), Баубек Ахмет (60 кг), Бекали Еркен (73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (52 кг), Інжу Жұмажан (57 кг).
Күміс жүлдегерлер: Расулхан Ғабит (60 кг), Еркеназ Сембек (57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг).
Қола жүлдегерлер: Әділжан Нұрбекен (50 кг), Ерік Үсенов (66 кг), Нұралы Мәулетхан (73 кг), Шыңғыс Қонысбек (90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (40 кг), Зере Талғатқызы (48 кг).
Жасөспірімдер арасындағы додаға 21 елден 550 дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Фото: kaz_judoteam