Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдері Азия чемпионатында үшінші орынға тұрақтады

Сабина Асқарқызы 265 қаралым
Қазақстан жасөспірімдері Азия чемпионатында үшінші орынға тұрақтады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Осы нәтижемен Қазақстан командасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен медальдық есепте 3-ші орынға көтерілді.

Жарыстың екінші күнінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Інжу Жұмажан – алтын медаль (-57 кг)

Тоғжан Төлебай – күміс медаль (+70 кг)

Ерасыл Болатбек – қола медаль (-81 кг)

Ұлдана Хожаназарова – қола медаль (-70 кг)

Ердәулет Жұмабай – қола медаль (+90 кг)

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 21 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. 

Фото: ҚР дзюдо федерациясы 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар