Қазақстан жасөспірімдер құрамасы құзға өрмелеуден Азия чемпионатына қатысады
Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрлықтық дода 21-25 тамыз аралығында өтеді. Жарыста U17 және U19 жас санаттарындағы спортшылар Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
U19 санатында Қазақстан атынан Евгений Ким, Матвей Павлов, Глеб Семёшкин, Дмитрий Ананьев, Әлихан Татамбай, Рашид Хайбуллин, Роман Курассов, Алексей Стребков, Кымсан Цой, Яна Войтович, Лейла Геккеева, Виктория Ильницкая, Амира Қайсар, Ралина Абдулова, Арина Новицкая және Алина Львова бақ сынайды.
U17 санатында Егор Некрещенный, Евгений Корнеев, Арсений Тен, Давид Кононов, Вадим Сағынтаев, Арина Панченко, Анна Семёшкина, Валерия Лизанец, Анастассия Выродова, Таиссия Носкова, Амели Аскарова және Анастассия Андриенко Қазақстан намысын қорғайды.
Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар «жылдамдық», «қиындық», «боулдеринг» және командалық эстафета бағдарламалары бойынша сынға түседі.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған