Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Уругвайды ірі есеппен жеңді
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің үшінші матчында қазақстандық жас спортшылар Уругвай құрамасынан айқын басым түсіп, 22:5 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Кездесудің ең үздік ойыншысы атағына Қазақстан құрамасының өкілі Максим Сасин лайық деп танылды.
Қазақстандық команда бүгін, 6 тамыз күні, топтық кезеңдегі келесі ойынын Түркия құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Мысырға жол берсе, екінші кездесуде Сингапурды жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған