Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін иеленді
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс жекелей уақытқа жарыс форматындағы аралас құрамдағы командалық эстафета түрінде өтті. Бірінші кезеңнен кейін қазақстандықтар үшінші орында келе жатқанымен, соңғы кезеңде қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.
Ұлттық құраманың сапында:
Кирилл Полышев,
Данил Третьяков,
Ринат Ерік,
Ирина Ивановская,
Валерия Кузнецова,
Анель Ташбай өнер көрсетті.
Алғашқы хаттама бойынша Иран құрамасы күміс, ал Тайбэй командасы қола медаль иеленген еді. Алайда кейін нәтижелер қайта қаралып, Иран командасы жарысты аяқтамаған деп тіркелді. Осыған байланысты Тайбэй екінші орынға көтеріліп, Қытай құрамасы үздік үштікке енді.
Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалі болды.
Фото: ҰОК
Ең көп оқылған