457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 23-орынмен аяқтады

Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарысты 23-орынмен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Топтық кезеңде қазақстандық су добышылар Сингапур мен Уругвай құрамаларын жеңіп, Мысыр және Түркия спортшыларына есе жіберді. Осы нәтижелерден кейін Қазақстан плей-офф кезеңіне шыға алмай, 8-орыннан төмен орындар үшін таласты.

Жарыстың келесі кезеңінде Қазақстан құрамасы Грузиядан 7:10 есебімен жеңіліп, Канадаға 7:9 есебімен жол берді. Ал соңғы кездесуде Перу құрамасын 5:3 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы жарысын 23-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының жеңімпазы Хорватия құрамасы атанды. Испания күміс медальға ие болса, Сербия қола жүлдені еншіледі.

 

Фото: ҰОК