Қазақстан жас баскетболшылары Азиада алаңында жарқырады
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 3х3 баскетболдан сайыстар жалғасуда, деп жазады malimsports.kz.
Бүгін Қазақстан қыздар құрамасы 3х3 баскетболдан үш матч өткізді.
Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Иран құрамасынан 10:21 есебімен ұтылды. Екінші ойында отандастарымыз Өзбекстанды 13:9 есебімен жеңді.
Жарыс күнінің соңғы матчында Қазақстан Иордания құрамасын 21:5 есебімен тізе бүктіріп, жарыс күнін екі жеңіспен аяқтады.
Сондай-ақ, Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасып жатыр. 25 қазанда Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстанмен өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде отандастарымыз 31:23 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған