Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер арасындағы AVC Women’s Nations Cup турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың топтық кезеңіндегі үшінші матчында Қазақстан құрамасы Иран командасымен кездесті.
Кездесу қазақстандық волейболшылардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Партиялар есебі: 13:25, 25:20, 25:14, 25:18.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты 3:1 есебімен, ал Индонезияны 3:0 есебімен ұтқан болатын.
Үш ойыннан кейін еншісінде 9 ұпайы бар Қазақстан құрамасы В тобында бірінші орында келеді.
Алдағы матчтарда қазақстандық спортшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездеседі.
Айта кетейік, А тобында Филиппин, Қытайлық Тайбэй, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетуде.
Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.
Фото: ҰОК