Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалға дейін жетіп, Франция волейболшыларына жол берді. Осыдан кейін отандастарымыз 9-16 орындар үшін сынға түсті.
Алдымен қазақстандық волейболшылар Болгарияға (2:3) есе жіберді. Алайда одан кейін Аргентинаны (3:2) жеңді.
Соңғы матчта Қазақстан құрамасы Мысырға (0:3) есе жіберіп, әлем чемпионатын 14-орынмен аяқтаған болатын.
Фото: olympic.kz