457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан велотректен Азия чемпионатында топ жарды

Құрлық біріншілігіне 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып жатыр

Велотректен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Филиппиннің Тагайтай қаласында ересектер мен жасөспірімдер арасындағы велотректен Азия чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні командалық із кесу бәсекесінде Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Ел намысын Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Анель Ташбай және Алия Бакаева қорғады.

Күміс жүлде Тайпей құрамасына бұйырса, қола медальді Өзбекстан спортшылары иеленді.

Айта кетейік, құрлық біріншілігіне 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Азия чемпионаты 31 наурызға дейін жалғасады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы