Қазақстан велотрекшілері Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер арасындағы топтық жарыста Әлішер Жұмақанов 72 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бұл сайыста жапониялық Канта Умезава 124 ұпаймен жеңіске жетсе, кореялық Кён-Хо Мин 65 ұпаймен қола медаль алды.
Ал әйелдер арасындағы із кесу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Суван Вэй иеленсе, жапониялық Цуяка Учино күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін құрлықтық додада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы екі алтын медаль олжалаған болатын. Азия чемпионаты 31 наурызда аяқталады.
Фото: СДД
Ең көп оқылған