Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан велошабандоздары Руандада басталған әлем чемпионатына қатысып жатыр

Сабина Асқарқызы 309 қаралым
Қазақстан велошабандоздары Руандада басталған әлем чемпионатына қатысып жатыр

Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әлем біріншілігі аясында әйелдер арасында жекелей сайыс өтті. Онда Швейцария спортшысы Марлен Ройссер жеңіске жетті. Екінші орынға нидерландтық Анна Ван Дер Брегген тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір нидерландтық велошабандоз Деми Воллерин түйіндеді.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.

Айта кететін жайт, маусым айының соңында Өскеменде тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты өткен болатын.  

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар