Қазақстан үстел теннисшілері WTT Feeder Cappadocia II турниріде бақ сынайды

Бүгін Түркияның Каппадокия қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Feeder Cappadocia II турнирі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Анадолы еліндегі додаға Аустрия, Әзірбайжан, Англия, Бельгия, Бразилия, Венгрия, Венесуэла, Грекия, Дания, Мысыр, Иран, Үндістан, Испания, Қазақстан, Корея, Колумбия, Румыния, Словакия, Словения, Сингапур, Түркия, Тайбэй, Өзбекстан, Чили, Швейцария және Жапония сынды елдердің спортшылары қатыспақ.
Қазақстан атынан Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жұбанов, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Бақдәулет Әкімәлі, Владислав Захаров және Ырысбек Артықметов бақ сынайтыны белгілі болды.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Ең көп оқылған
