Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан үстел теннисінен Ислам ойындарының чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 242 қаралым
Қазақстан  үстел теннисінен Ислам ойындарының чемпионы атанды

Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы VI Ислам ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Финалда Қазақстан Иран құрамасымен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті.
Команда құрамында Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжегұлов, Кирилл Герасименко тартысты ойын өрнегін көрсетіп, шешуші сәтте өз мүмкіндігін сәтті пайдалана білді. 
Нәтижесінде ұлттық құрама турнирдің алтын медалін иеленді.

Бұған дейін Ұлттық құрама жартылай финалда Түркияны 8:3 есебімен жеңген еді. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар