Қазақстан ҰОК бас хатшысы International Federation Forum атты халықаралық форумға қатысты
Бұл - SportAccord ұйымы ұйымдастыратын жыл сайынғы үш күндік шара. Биыл ол 27-29 қазан аралығында Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада музейінде өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Биыл өткен форумның тақырыбы - «Спорттағы жаңа жаһандық шынайылық: үнемі өзгеріп отыратын әлемдегі халықаралық федерациялардың рөлі».
Іс-шараға 120-дан астам халықаралық федерациядан 400-ге жуық делегат, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитетінің, серіктес ұйымдардың және спорт саласының өкілдері қатысуда.
Бағдарламада спорт әлеміндегі коммерциализация мен тиімді басқару мәселелеріне арналған панельдік пікірталастар, тақырыптық сессиялар және баяндамалар қамтылды. Сонымен қатар әйелдер спортының дамуы, тұрақтылық және халықаралық федерациялардың цифрлық стратегиялары талқыланды.
«Қазақстанның International Federation Forum шарасына қатысуы еліміздің әлемдік спорт қауымдастығымен белсенді ықпалдасып келе жатқанын көрсетеді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, заманауи спорт алдында тұрған негізгі үрдістер мен сын-қатерлерді ашық талқылау аса маңызды. Мұндай алаңдар әріптестік байланыстарды кеңейтуге, озық тәжірибені үйренуге және ұлттық деңгейде спортты жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді», - деді Әлімжан Ақаев.
Фото: ҰОК
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған