Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан теннисшісі Латвиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы 192 қаралым
Қазақстан теннисшісі Латвиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Аталмыш додаға әлемнің жас теннисшілері жиналды, солардың арасында қазақстандық Иван Пономарев ерекше көзге түсті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақпараттың жазуынша, отандасымыз жұптық сында литвалық Марк Гриазутин Тверскиймен бірге чемпион болды. Финалда қазақстандық-литвалық жұп жергілікті дуэт Александровас – Бандзевисиусті камбэкпен жеңді – 1:6, 6:4, 10:5. 

Иван мен Марк жарыс барысында техникаларының жоғары екенін, сондай-ақ табандылықтарын таныта білді.

Осылайша, Иван Пономарев спорттық жолында жұптық сында ITF Juniors додасында екінші титулына қол жеткізді. Бұл оның кәсіби деңгейінің өсіп келе жатқанын көрсетеді. 

Фото: ҚТФ 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар