457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан тарихында алғаш рет семсерлесуден (шпага) Әлем кубогының кезеңі елімізде өтетін болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Беделді халықаралық турнир 26-29 наурыз аралығында Астана қаласындағы QAZAQSTAN жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Әлем кубогының кезеңі ерлер және әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша өтеді.

«Мен семсерлесумен айналыса бастағанда, Әлем кубогы бір күні Қазақстанда өтеді деп елестете де алмадым. Біз үшін мұндай турнирлер әрдайым алыста - Италия, Франция, Венгрия секілді дәстүрлі түрде көш бастап жүрген елдерде, әлемдік семсерлесу элитасы жиналатын ареналарда өтетін. Бүгінде біз Әлем кубогының маңызды кезеңдерінің бірін өз елімізде қабылдап отырмыз. Бұл – еліміз үшін де, қазақстандық семсерлесудің жүріп өткен жолы үшін де ерекше мақтаныш сезімі. Мұндай жарыстар кездейсоқ берілмейді – бұл сенім мен деңгейдің мойындалуының белгісі. Ал спортшылар үшін бұл - үлкен жауапкершілік: тек шетелде ғана емес, өз жерімізде де сол деңгейге сай өнер көрсету», - деді ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов.

Фото: ҰОК