Қазақстан таеквондошылары Черногория турнирінде екі медаль иеленді
Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz ҰОК-не сілтеме жасап.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыстың алтын жүлдегері атанды.
Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты.
Бұған дейін 24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтетіні туралы жазған едік. Оған 179 елден 900-ден астам спортшы қатысып, ел намысын 16 таеквондошы қорғайтыны белгілі болды.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған