Қазақстан таеквондошылары Болгария турнирінде сынға түседі
Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған жарысқа 30-дан астам елден 1 269 спортшы қатысады. Сондай-ақ бұл жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі.
Турнир үш жас санатын - жасөспірімдер, жастар және ересектерді қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.
Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған