457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан таеквондошылары әлем чемпионатына толық құраммен қатысады

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қалай іріктелгенін айтып өтті.

«Әлем чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңі — ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты болды. Онда жеңіске жеткен спортшылар Болгарияда өткен Bulgaria Open 2025 және Қытайда ұйымдастырылған WT Президенті кубогы – Азия аймағы халықаралық жарыстарына қатысты. Сол турнирлерде жақсы нәтиже көрсеткендерден әлем чемпионатына қатысатын негізгі құрам жасақталды», - деді ол.

Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан құрамасы толық құрамда — ерлер мен әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

«Әлем чемпионатына осал спортшы келмейді. Қатысушылар саны мен деңгейіне қарай, кейде бәсекелестік Олимпиада ойындарынан да жоғары болады. Бізде Нодира Ахмедова, Тілеулес Тамирлан, Батырхан Төлеуғали, Батырхан Шүленов, Бейбарыс Қаблан және Самирхон Абабакиров сияқты тәжірибелі спортшылар бар. Олардан зор нәтиже күтеміз. Соңғы жылдары әлем чемпионатында жүлде алмағанбыз, биыл сол олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз», — деді Сұлтанов.

 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

Ерлер құрамасы:

54 кг – Бекзод Қадірқұлов

58 кг – Тілеулес Тамирлан

63 кг – Самирхон Абабакиров

68 кг – Дамир Шүленов

74 кг – Бекасыл Ергеш

80 кг – Батырхан Төлеуғали

87 кг – Нұрлан Мырзабаев

+87 кг – Бейбарыс Қаблан

Әйелдер құрамасы:

46 кг – Айдана Құмартаева

49 кг – Нодира Ахмедова

53 кг – Әзиза Қаражанова

57 кг – Мария Севостьянова

62 кг – Айша Әділбекқызы

67 кг – Нұрай Хусайнова

73 кг – Назым Махмутова

+73 кг – Евгения Каимова

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі жарысқа тыңғылықты дайындалып, ел намысын абыроймен қорғауға ниетті. Бапкерлер штабы биылғы әлем чемпионатында жүлде қорын жаңарту басты мақсат екенін атап өтті.

Фото: таеквондо федерациясы