457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан таеквондошылары әлем чемпионатына дайындықты бастады

Ұлттық құрама әлемдік дода алдында тактикалық дайындық жүргізуде

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық таеквондошылар Қытайдың Уси қаласында 24–30 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатына бағытталған дайындықтың шешуші кезеңін бастады. Түркістан облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына еліміздің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық спортшы қатысуда. Жаттығу барысында спортшылардың арнайы дене дайындығы мен техника-тактикалық шеберліктері пысықталуда. Дайындықтың келесі кезеңі Алматы қаласында жалғасады.

2025 жылдың басынан бері қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Муджуда (Оңтүстік Корея) өткен Гран-при турнирінде Нодира Ахмедова (49 кг дейін) мен Дамир Шуленов (68 кг дейін) қола жүлде иеленсе, Нодира Ахмедова бұған қоса Polish Open турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Халықаралық таеквондо федерациясының жаңартылған рейтингінде бірнеше қазақстандық спортшы үздік ондыққа енді. Самирхон Абабакиров өз салмағында көш бастап тұр. Сонымен қатар Бейбарыс Қаблан (7-орын), Батырхан Төлеуғали (8-орын) және Нодира Ахмедова (10-орын) рейтингте жоғары нәтиже көрсеткен.

Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен құраманың дайындығы жүйеленіп, спортшылардың нәтижесі тұрақтала бастағаны байқалады. Алдағы әлем чемпионаты — ұлттық құраманың әлеуетін халықаралық деңгейде көрсетуге үлкен мүмкіндік болмақ.

Фото: Ашық дереккөзден