457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан таеквондодан командалық әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық спортшылар жарысты сенімді бастап, ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Ресей командасынан 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Қытай құрамасы мықтырақ болып, қазақстандықтар 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан ұлттық құрама турнирді күміс медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасының сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, Чхунчхондағы командалық әлем кубогы 16 шілдеде мәресіне жетеді.

 

Фото: Таеквондо федрациясы