457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан су спорты түрлерінен Азия чемпионатын 48 медальмен қорытындылады

Таиландтың Бангкок қаласында өткен су спорт түрлерінен 12-ші жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық есепте бірінші орын алып, бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

16-25 шілде аралығында өткен құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан 111 спортшы бақ сынап, жалпы 48 медаль еншіледі.

Қазақстан қоржынына ең көп жүлдені әртістік жүзу құрамасы салды. Отандастарымыз 25 медаль (14 алтын, 7 күміс, 4 қола) жеңіп алып, жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте көш бастады.

Жүзуден Қазақстан спортшылары 16 медаль иеленді. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.

Ал суға секіруден ұлттық құрама 6 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 2 қола.

Сонымен қатар Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтап, құрлықтық додадағы көшбасшы елдердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Фото: Qazaq Aquatics