457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан спортшысы Қытай турнирінің ширек финалында жеңіске жетті

Алан Құрманғалиев әлем чемпионын жеңіп, China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шығып отыр.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен тартысты матчта Алан жекелей және жұптық сайыста жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ли Хэченнен (Қытай) басым түсті.

Кездесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осы аптаның бейсенбісінде Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионаты аяқталған болатын. Жарыс барысында түрлі санаттарда үздік спортшылар анықталған еді. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі