457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

 Қазақстан спортшыларының Ислам ойындарындағы нәтижесі қандай

Ертең ел құрамасы жүзуден (еркін, баттерфляй, шалқалай, эстафета), үстел теннисі (жекелей сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF), киберспорт және муайтайдан бақ сынайды.

Ар-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) VІ Ислам Ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz
Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржыны 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) толығып, жалпы есепте 7-орыннан көрінді. Атап айтсақ, теннистен ерлер құрамамыз топ жарса, ауыр атлетикадан жұлқа көтеруде Едіге Емберді күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ отандасымыз серпе көтеру мен қоссайыста екі қолаға қол жеткізсе, жүзуден Айбат Мырзамұратов үздік үштікті түйіндеді.
Назарларыңызға жүлде кестесін ұсынамыз:
1. Түркия - 61 медаль (39 алтын, 13 күміс, 9 қола)
2. Өзбекстан - 28 (8 алтын, 12 күміс, 8 қола)
 3. Мысыр - 19 (6 алтын, 4 күміс, 9 қола)
 4. Нигерия - 11 (5 алтын, 3 күміс, 3 қола)
 5. Индонезия - 18 (4 алтын, 11 күміс, 3 қола)
 6. Әзірбайжан - 29 (4 алтын, 9 күміс, 16 қола)
 7. Қазақстан - 18 (4 алтын, 6 күміс, 8 қола)
 8. Иран - 12 (2 алтын, 2 күміс, 8 қола)
 9. Бахрейн - 6 (2 алтын, 2 күміс, 2 қола)
 10. Алжир - 11 (1 алтын, 5 күміс, 5 қола)
Ертең ел құрамасы жүзуден (еркін, баттерфляй, шалқалай, эстафета), үстел теннисі (жекелей сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF), киберспорт және муайтайдан бақ сынайды.

Фото: ҚР спорт комитеті