457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан спортшылары Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті

Ресми ашылу салтанатына дейін спортшылар кейбір спорт түрлерінен сынға түсті. Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан бақ сынады. 

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ресми ашылу салтанатына дейін спортшылар кейбір спорт түрлерінен сынға түсті. Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан бақ сынады. 

Нәтижесінде Нұрдәулет Тасмағанбетов (65 келіге дейін) бірінші орын алды. Арай Аманбай (60 келіге дейін) екінші болды, ал Уәли Жалғасбай (60 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, пенчак силат Исламиада-2025 бағдарламасына көрсетілімдік спорт түрі ретінде енгізілген, сондықтан бұл сайыстардың медальдары ресми командалық есепке кірмейді.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі