Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары фристайл-акробатикадан Әлем кубогы кезеңін бастады

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Қазақстан спортшылары фристайл-акробатикадан Әлем кубогы кезеңін бастады

Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға ие болды. Роман Иванов 25-орынға тұрақтаса, Асылхан Асан – 27, Ұланбәкір Өмірзақов – 30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтады.

Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.

Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні 13 қаңтарға қараған түні өтеді.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар