457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан семсершілері Азия Кубогында бірнеше медаль жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия Кубогының екінші күнінде Қазақстанның фехтование құрама командасы бірқатар жүлдеге қол жеткізді

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия Кубогының екінші күнінде Қазақстанның семсерлесу құрама командасы бірқатар жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ұлдар арасындағы рапира бойынша командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов және Мансұр Естеу тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Қыздар арасында саблямен командалық сайыста екі бірдей жүлде бұйырды. Наиля Исхакова, Айғаным Қакенова, Айша Сыздық және Леона Югай құрамындағы команда күміс жүлдеге ие болса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева және София Яковлева төрттігі қола медаль еншіледі.

Сондай-ақ жекелей сында рапирамен өнер көрсеткен Алуа Мұқанова қола жүлдегер атанды.

Фото: olympic.kz